«Мен сияқты кептер ұстайды екен»: Мейрамбек Беспаев Майк Тайсонмен сөйлесті

0
1 170

«Жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт екен»


«Мен сияқты кептер ұстайды екен»: Мейрамбек Беспаев Майк Тайсонмен сөйлесті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаев мен Ғазизхан Шекербеков қазіргі уақытта Америкада ән сапармен жүр. Әнші Мейрамбек атақты боксшы Майк Тайсонмен телефон арқылы сөйлесті.

Өнер иесі танымал боксшымен сөйлескен сәтін Instagram парақшасында жариялады. Онда Бесбаев пен Тайсонның видеобайланыс арқылы әңгімелесіп жатқанын көруге болады. Әзірге ағылшын тілін жетік білмейтін әншіге арнайы аудармашы көмектескен.

Мейрамбек әйгілі боксшыны «жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт екен» деп сипаттаса, Майк оған өзінің кептерлерін көрсетті.



Желідегілер «Екеуіңіз де ерекше жансыздар», «Керемет кездесу», «Хоббиларыңыз бірдей екен» деген сияқты пікірлерін жазды.