«Марста жүргендеймін!»: Роза Рымбаева үңгірде тұрып жатыр

0
9 747

«Жартастарға ойылған үңгірдің іші романтикаға толы».


«Марста жүргендеймін!»: Роза Рымбаева үңгірде тұрып жатыр

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Түркияның Каппадокия қаласында саяхаттап, таңғажайып алқаптың таулы үңгірінің біріне уақытша тоқтаған. Бұл туралы оның өнердегі сіңлісі, әнші Меруерт Түсіпбаева инстаграм парақшасында айтты.

«Жартастарға ойылған үңгірдің іші романтикаға толы. Бәрі де ежелгі стильде жасалған. Бұл жерде қысы-жазы бірқалыпты температура сақталады. Бәрі де табиғи болғандықтан, жанға өте жайлы. Қабырғалары қашалып жасалған. Акустикасы да керемет», - деп Роза Қуанышқызы аталған үңгірден алған әсерімен бөлісті.


Бұдан бөлек, қос әртіс Каппадокия таңғажайып ландшафының түрлі кереметтерін көрсетуден шаршамады. Р.Рымбаева сол жақта өз қолымен саздан құмыра жасап, оқырмандарын тәнті етті. Жергілікті мейрамхананың бірінен тамақтанған өнер өкілдері каппадокиялықтардың мәдениетті екеніне тоқталды.

«Марста жүргендей жүрміз. Сағат сайын ғажайып дүниелерді көріп, таңырқаудамыз!» деді Р.Қуанышқызы.

Ал оқырмандар халық әртісіне жақсы саяхаттап, елге аман-есен оралуларына тілеутестік білдіруде.