«Мәдениетсіз мәдениет министрі кетсін!»: Желі қолданушылары байқамай сөйлеген Дәурен Абаевқа қарсы шықты

0
8 325

«Не мазақ мынау?!»


«Мәдениетсіз мәдениет министрі кетсін!»: Желі қолданушылары байқамай сөйлеген Дәурен Абаевқа қарсы шықты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, қарт кісілердің қойған сауалына кекесінмен жауап бергені жұрттың көңіліне жақпай қалған сыңайлы. Спортқа қатысты сауал қойған қарияға "Кедейлер шықсын, хоккей ойнасын!" десе, тағы бір телеарналардағы мағынасыз шетелдік сериалдардың сапасына қатысты сұрақ қойған кейуанаға "Қолыңызда пульт бар ғой, басқа арнаға ауыстыра салыңыз!" деп жауап бергені желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Фэйсбук желісінің белсендісі Мәриям Асанова «Мына министрсымақтың Түркістан тұрғындарымен кездескен үзіндісін көріп, қаным басыма шауып тұр. Осындай қуыршақтар отырғанда көсегеміз жақында көгермейді екен» деп Президент пен Премьерге хат жазды.


«Құрметті президент мырза!

Құрметті премьерім!

Халықпен дұрыс сөйлей алмайтын, кеудесіне нан піскен мынадай бейбақтардан үкіметті тазартуларыңызды сұраймын!

Мына сұрақ қойып отырған ақсақал жасы 82-ден асқан еліміздің құрметті қариясы Әзіретбергенов Жарылқасын болады.

Біз бұл кісінің сөзін бөлмек түгілі, алдын кесіп өтпейміз.

Екінші кейуана да 80-ге аяқ басқан, өмір көрген ана.

Айтарым бар деп сүйретіліп министрдің кездесуіне барған-ақ екен.

Алған жауабы осы ма?

Не мазақ мынау!

Бірі спорт мәселесін көтерсе, екіншісі телеарналардағы кинолардан жастардың санасының уланып жатқанын айтып күйіп-пісіп тұр...

Ал, министрімізге бәрібір.

Қолымызда министрлерді тағайындайтын пульт болса, біз де басымызды ауыртпас едік...

Жұрт алдында сөйлеу мәдениетінен жұрдай екендігін тағы да дәлелдеді бұл министр.

Осындай да жауап бола ма?

Не сұмдық!

Бір емес, екі емес, қояр емес қой тегі халықтың алдында ісініп-қабынып...

Үңгірден шыққанымыз аздай, журналиспен сұқбатын да тыңдадық, ендігісі мынау...

Мәдениет министрі алдымен мәдениетті бойына қалыптастырып алсыншы біреудің алтын құйып құйған бірдеңесі болса да...», - деп ашына жазды Мәриям Тасболатқызы.


Өзге желі қолданушылары да Мәдениет министрінің мәдениетсіздігіне шүйлікті.


«Мемлекеттік деңгейде сөйлеп, жауап беруді үйрену керек. Отырысының өзі біртүрлі, басын бұлғақтатып...», «Мәдениетсіз мәдениет министрі», «Көп болып қарсы тұру керек. Не тындырып жүр. Мәдениеттен жұрдай», «Тойынғаннан кекірік атып отыр ғой, ұятсыз екен», «Министр емес мал ғой мынау сөз түсінбейтін! Біресе үңгір, біресе ұнамаса қолыңдағы пультпен аудара сал деп не оттап отыр? Қаныңыз басқа шабатындай-ақ бар екен» деген сияқты ойларын жазып жатыр.