«Құтырған қатындар!» : Желідегілер жүздеген тәрелке сындырған Динара Сатжанды сөзбен сыбады

0
15 881

«Атаң басы счастье! Тарелка сынса не болатынын білесің бе?! Осыны кем кетік бір отбасына апарып берсең, сол саған бақыт».


«Құтырған қатындар!» : Желідегілер жүздеген тәрелке сындырған Динара Сатжанды сөзбен сыбады

Белгілі тележүргізуші, продюсер Динара Сатжан инстапарақшасында тәрелке сындырып жатқан видеосын жариялады. Мұны бір тойда қасында бірнеше адаммен бірге істеп жатқанын көруге болады.

«Гректер неге тәрелке сындырады? Зұлым рухтарды отбасылық мерекеден шығарып жіберу үшін, жалпы, сырт көздерден сақтану үшін! Ал біз @kudusheva_official @danialuskenbai @diana екеуміз.digital және Еңлік бақыт пен сәттілік үшін сындырдық!» - деп жазды тележүргізуші.



Динара Сатжанның бұл қылығын желідегілер түсінбеуде. Дәл карантин уақытында ысырапшылдыққа емес, үнемшілдікке жол берудің орнына тәрелке сындырып, дарақылық көрсеткен бұрымдыларды сөзбен сыбап тастады.

«Тойып секіргендер!», «Гректерде солай болса, қазақтарда үнемшілдік деген бар, бұл ыдыс қанша адамға керек болар еді. Сосын адыраспан деген бар «злой духтарды» қаштыратын», «Есі кеткен еліктегіштер» деген сияқты пікірлер жазылуда.