«Құрманғазының әруағы атты»: Желі қолданушысы «Қайрат Әділгерейдің 4 рет қояншық атанғанын» айтты

0
6 932

«Адамнан таяқ жемесе де, абыройдан таяқ жеді»


«Құрманғазының әруағы атты»: Желі қолданушысы «Қайрат Әділгерейдің 4 рет қояншық атанғанын» айтты

Фэйсбук әлеуметтік желісінде Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы деген желі қолданушысы «Әзіл әлемі» театрының актері Қайрат Әділгерейді Құрманғазының әруағы атты деп есептейтінін жазды. Айтуынша, әзілкеш «Құрманғазы қояншық болған» деп тілінен сүрініп, жұрттың жаппай ашуына тиіпті. «Ол ұялғанның орнына «бұл сөзінен қайтпайтынын, қояншық деп біреуден естігенін» айтты. Сол-ақ екен Құрманғазының әруағы қояншық дегеннің қандай болатынын оны атып тұрып көрсетті», - дейді Мүбарак Қизатұлы.


– Сорақы Қайраттың фотосын да парақшама салғым жоқ. Өткенде Қайрат Әділгерей Құрманғазы бабаға тіл тигізіп:«Құрманғазы қояншық болған» деді. Жұрттың жаппай ашуынан кейін ол ұялғанның орнына «бұл сөзінен қайтпайтынын, қояншық деп біреуден естігенін» айтты. Сол-ақ екен Құрманғазының әруағы қояншық дегеннің қандай болатынын оны атып тұрып көрсетті. Қайрат Әділгерей жұрт алдында бір емес, төрт рет қояншық атанды. Біріншісі, сазгер, өнерпаз қадірлі Ұлықпан Жолдас ағамыздың адам айтпауға тиісті жеріне қол жүгіртіп бетімізді жерге қаратты. Әйел бәйғұс қашан да ерінің жақсылығын асырып, жаманшылығын жасырады ғой. Әйелі оның тынышсыз адам екенін айтып ақталып жуып-шаймақ болды, жанашырлық етті. Екінші рет, тойда бір жігіттің қуық тұсына ернін тигізе жаздап жүрелей биледі. Төртінші рет, құлағына құлаққап тығып отырып жанындағы серігімен бірге майысып отырып саусақтарымен пішін жасауы, ер азаматқа сай болмаған қылықсыздығы. Адамнан таяқ жемесе де, абыройдан таяқ жеді. Әруақ атқан оңбайды, құдай атқан оңады деген. Әруаққа арнайы құран бағыштап, жұрт алдында баба атын атап тұрып кешірім сұраса қалай болар екен, оңуы екіталай. Бұл неге сөйте берді деген жұртқа түпкі себебін көрсетіп ғана қойғаным, - деп жазды желі қолданушысы.


Желі қолданушыларының арасында Қайрат Әділгерейдің ерсі қылықтарына қарсы шығушылардың қарасы басым екені байқалады.


«Өте сүйкімсіз адам. Сахнаға «иттің құлы итақай» шыққан заман болды ғой», «Соңғы кездері ерсі қылықтарымен көп шошаңдап кетті. Ұят қой!», «Семіздікті қой ғана көтереді. Есірік артын ашады», «Оның сексуалдық ориентациясы дұрыс емес», «Кеудесіне нан піскен ұяты кеткен адам ғой», «Осы сайқымазақты сахнадан, өнер жолынан аулақтату керек. Бір адам сүйер қылығы жоқ. Қызтеке біреу-ау. Жиіркенішті» депті желідегі жұрт.