"Қорқа қарап, шошитындай ешнәрсе жоқ": Наркенже Серікбаева орамал таққанын мәлімдеді

0
2 765

"Не үшін қара орамал тағады?!"


Белгілі дәстүрлі және эстрада әншісі Наркенже Серікбаева орамал таққанын мәлімдеді. Өнер иесі бұл қадамға көптен бері іштей дайындалып барып бекінген сыңайлы. Бұл шешім әу бастан қажы анасының тілегі болғанын да жасырмады. Жақында "Ш.Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының ұжымымен Италияға іссапарға бара алмадым, тізімде жоқпын, үнемі мені үлкен сахнадан қиып тастай береді" деген әншінің өмірінде осындай жаңалық болып жатыр екен.



Әншінің бұл шешімін желідегілердің бірі қуана қабылдаса, екінші топ қара орамалын жақтырмай, адасушылыққа балады.


"Ма шаа Аллаһ! Ниетіңізді Алла қабыл етсін!", "Тәжіңіз құтты болсын!", "Әпке қабыл болсын, Алла разы болсын! Аман есен барып келіңіздер.Бұл орамал қазақтыкі емес деп жазып жатыр ғой. Сол қазақтікін сақтай алмай жүрміз ғой. Жарайды қазақтікі болмасын дедік, ал бірақ мини юбка қазақтікі ма? Шаш жаю қазақтікі ма? Кіндігін ашып жүру қазақтікі ма? Айта берсең көп қой, әурет жерін ашу, тырнақ жасау, ерін, кірпік, қас, т.б. көп. Қарның ашады. Ал сол қара орамал таққан адамның жүрегінде иманы бар ғой,қара қара деп айтып отырған адамдар сол орамалды өздеріңіз тағып жүрсіздер ме кен? Мен қолдаймын, менің де әйелім орамал тағады, Аллаға шүкір! Ең бастысы қатты оранып, бет ауызыңызды жауып тұмшаланып алмасаңыз болды. Оны енді қолдамаймын. Аман болыңыз, Алла разы болсын! Елдің бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес, алаңдамаңыз жарасып тұр", "Өнеріңіз осы тұстан тоқырау алады ғой енді, шіркіін қазағымның қаймақтары, қайдаа бара жатсыздар? Айналаайыындаар адам баласы қолдан тұрғызған Меккедегі қағбаны зиярат етіп, Алла жаратқан кеудедегі жүрек деген қағбаға үңілсек қой, міне сонда зиярат, мен кіммін, не істесем жүрек тынышталады деу керек. Құлшылықты тозақтан қорқып емес, Алланы шын сүйіп жасау керек. Адаспаңыздаршы, өтінеем" деп жазып жатыр.