«Көріп қалай толқымайсың?!» : Димаштың кішкентай кезіндегі видеосы желідегілерді сүйсінтті

0
1 586

Бейнежазбада «Өмірде ырысын тоналтпаған, намысын жоғалтпаған жандар ғана жеңіске жетеді» деген жолдар келтірілген.


«Көріп қалай толқымайсың?!» : Димаштың кішкентай кезіндегі видеосы желідегілерді сүйсінтті

Әлеуметтік желіде әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің кішкентай кезінде түсірілген видеосы пайда болды. Бейнежазба 1995 жылы түсірілген, - деп хабарлайды kaz.exk.kz.


Жақында Қанат Айтбаев туған күнін атап өтті. Бүгінде Қытайда тұрып жатқан Димаш 50-ге толған әкесін ерекше құттықтады.

"Ағатай, туған күніңмен! Барлық тілектерің орындалып, Света апа екеуің жүзден асып кетіңдер. Әлемдегі бар бақытты тілеймін", - деп жазды Димаш.



Ал желідегі оқырмандар Қанат Айтбаевты туған күнімен құттықтап, Димаштың ақ тілегіне қосылды. «Қанат, төл мерекеңіз құтты болсын, әнде айтылғандай, сіз расымен ең жақсы адамсыз! Қазаққа Димаштай ұлды тәрбиелеп бердіңіз», «Бұл бейнежазбаны көріп қалай толқымайсың! Қанат мырзаны тағы да туған күнімен құттықтап, ұрпағымен мың жасасын дегім келеді!», «Димаштың әке-шешесіне мың да рахмет, осындай талантты ұлды тәрбиелеп берген» деген сияқты пікірлерді оқуға болады.