«Ішіп, шегіп алған ба?!»: «Ирина Кайратовна» концертінде көк туды қорлап, масқара болды

0
5 006

«Бұдан кейін микрофон ұстатпау керек»


«Ішіп, шегіп алған ба?!»: «Ирина Кайратовна» концертінде көк туды қорлап, масқара болды

«Ирина Кайратовна» тобының Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында өткен концертінде сұмдық оқиға орын алды. Жігіттер қазақтың көк туын белден төмен ұстап, ерсі қылықтар көрсетті. Бір кезде байрағымызды алып кетемін деп келген жігітке «Да ну нахуй!» деп айқайлап, «Балуан Шолақ!» деп қиқулап масқара болды.

«Бізде бәрі жақсы, кешіріңіздер, ондай-ондай болып тұрады. Это оказывается административный штраф» деп әкіреңдеді.



Желідегі оқырмандар «Алла сақтасын, бұларды қалай тыңдап жүрсіздер?», «Көп мақтап едіңдер, көтере алмай қуып кетіпті ғой», «Туды алып кеткен адамға ризамын!», «Не сұмдық мынау, қалай концерт беріп жүр біздің туымызбен ойнап», «Алдик пен Илья ғана ішпеген, қалғаны тойып алған ғой», «Семіздікті қой ғана көтереді», «Махаббат пен жеккөру сезімінің арасы бір ғана Ту», «Спортта жүрген бауырларымыз осы көк байрағымызды қаншама тер төгіп әлемге желбіретіп жүр, мыналар болса ішіп алып мас болып, қалай болса солай ұстап», «Ішіп, шегіп алған ба?! Мына қылықтары үшін жауапқа тарту керек!» деген сияқты пікірлерін қарша боратуда.