«Ішек-қарын тазалаудан жарыс болса, 100 машина мінетін едім»: Айнұр Тұрсынбаева көпшілік біле бермейтін қырын көрсетті

0
2 441

«Қарынды аппақ қылып тазалаудың бірнеше түрін білетінмін».


«Ішек-қарын тазалаудан жарыс болса, 100 машина мінетін едім»: Айнұр Тұрсынбаева көпшілік біле бермейтін қырын көрсетті

Айтыстың чемпионы Айнұр Тұрсынбаева ішек-қарын тазалап, оқырмандарына видео жолдады. 33 көлік мінген ақын қыз қарын тазалаудың бірнеше түрін білетінін, 10-11 жасында 2-3 қойдың ішек-қарнын оп-оңай тазалағанын алға тартты.



Желідегі оқырмандар «Айнур әпке, сізді ішек қарын тазалайды деп мүлде ойламаппын, таң қалып отырмын, Алла күш қуат берсін сізге! Таңым сізбен атып, түнім сізбен батады. Әр сөзіңіз ден рух алам», «Жарайсың Айдың нұры! Нәзік жанды болсаң да сегіз қырлы, бір сырлы болып тұрсың ғой. Одан жаман болған жоқсың. Дәруменнің бәрі сол иісі шыққан ішек-қарында ғой», «Ана малды айтам, армансыз кеткен шығар. Айнұр Тұрсынбаеваның өзі ішектерін тазалап жатыр» деген сияқты пікірлерін қосты.