«Бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл»: Мақпал Жүнісова қызы Мерей жайлы бәрін айтты

0
1 753

«Зәкең қыз он сегізге келгенде айтамын деген»


«Бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл»: Мақпал Жүнісова қызы Мерей жайлы бәрін айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерей жайлы біраз шындықты айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Одан соң әншінің өміріне алаңдаушылық білдіргендер, аяғандар, сынағандар, тіптен көбейді. Қазір өнер иесі Қазақстан қалаларын аралап, жеке шығармашылық концертін беруде. Кезекті ән сапарының бірінде әнші сахнада тұрып, көрермендеріне бар құпиясын жайып салды. Қызы Мереймен арақатынасына сызат түспегенін, оның кешіріп сұрап қайтып келгенін айтты.


«Бауырымызға басқанымыз рас. Қай қазақ бауырына баспай жатыр?! Зәкең екеумізде екі баламыз түсіп қалды. Содан кейін Зәкең менің туған бауырымның баласын баласын сұрады. Менің анам Зәкеңе «Кет әрі!» деп айта алмады. Бірақ, Зәкең өзінің тегін берді. Зәкең қыз он сегізге келгенде айтамын деген. Қыз 20-ға келейін деп жатыр. Менің бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл болды. Қызым өзінің бауырларын білсін деп айттым. Кінәламаңыздар! Қызым жылап-жылап, менен кешірім сұрады. «Кешір, мама, мен қайда кетеді дейсің?! Бірақ, папамның фамилиясын өзгертпеймін» деді», - деп әнші ақ жарылды.