«Бірі көкіректен итерді, бірінің шашын жұлқылады»: Концерттегі «қызықтар»

0
1 354

Беркут балаларға ақша таратты


«Бірі көкіректен итерді, бірінің шашын жұлқылады»: Концерттегі «қызықтар»

Елімізде биыл маска мен «Ашық» режимі алынып, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі өңірлерде дүркіреп өтті.

Мәселен, Семей қаласының «Наурыз-думан» концертінде ән айтып тұрған Роза Рымбаевамен селфи жасау үшін сахнаға шыққан жігіттің видеосы қызу талқыланды.


Роза Рымбаева танымал «Наурыз-думан» әнін орындап тұрған сәтте сахнаға көрермендердің бірі атып шығып, атақты әншімен селфи жасамақ болған. Әншіге көрерменнің қылығы жақпай қалды. Ол жас жігіттен өзіне кедергі келтірмей, сахнадан кетуін сұраған. Паблик оқырмандары әншінің видеодағы әрекетіне түрлі пікір білдіруде. Бірі әншінің фонограммамен ән салғанын сынаса, енді бірі әнді бэк-вокалдың сүйемелдеуімен орындағанын атап өткен. Нәтижесінде желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірінші топ әншінің көрерменді кеудесінен итергенін ұнатпаған. Ал басқалары керісінше, Роза Рымбаеваны жақтап, оған қолдау білдірген. «Тағы да ерекшеленді», «Шыдау керек еді, бірінші күн сахнаға шығып тұрған жоқ», «Ол өз жұмысын істеп жатыр, неге кедергі келтіресіз?», «Көрермен әдеп сақтаған жоқ. Әнші өзімен бірге суретке түсуге мүмкіндік бергенде, оның жанына барлығы келіп алар еді, сөйтіп, әнді орындауға кедергі келтірер еді», - деп жазды паблик оқырмандары. Кейін желіде Роза Рымбаева мен көрермен жігіттің сол концертте түскен селфиі тарап кетті. Бұл жайтқа қатысты Роза Рымбаева әзірге Instagram парақшасында пікір білдірген жоқ.


Белгілі әнші Айгүл Иманбаева Шымкентте өткен Наурыз концертінде ән айтып тұрған сәтінде белгісіз ер адам оның шашынан жұлқылады. Ортаға шыққан жанкүйерлердің бірі өнер көрсету барысында әншінің шашын жұлқылап, тартқан. Бұл сәтте Иманбаева жан-жағына қарап, бұл әрекетті кім жасағанын түсінбей қалады. Желі қолданушылары бейтаныс азаматтың бұл қылығына ашуланып, оның не мақсатта бұл әрекетке барғанын түсіне алмай әлек болды. "Осылай халықтың ортасында ән айтып жатсаңыз біреу келіп, шашыңызды жұлып алып, орап қалтасына салып жатса қалай? Масқара ғой мынау", "Мына ағаның тірлігі дұрыс емес. Ұят жағдай", "Іздестіріп тауып алып, жауапкершілікке тарту керек. Бұлай қалдырмаңыз", " Ән айтуға мүмкіндік бермей, не болған бәріне халқым ау? Ер кісіні тауып алып, жазалау керек сияқты", "Апталдай азамат бұнысы несі, шашын не мақсатпен жұлды", - деп жазуда желідегілер.



Әнші Бүркіттің балаларға ақша таратып жатқан видеосы көпшілікті сүйсіндірді. Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне қолдау білдіріп, өз пікірлерін қалдыруда. Видеодан Бүркіттің сахнаға билеп шыққан балаларға қалтасынан ақша беріп жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары видео "Апорт" сауда үйінің алдында 22 наурызға орай өткізілген концертте түсірілгенін жазды. "Апорттағы концерт... Барып, қуанып қайттық. Бәрі күшті болды. Балаларды өздері шақырып, билесін деді. Дала суық қой. Бүркіт, Айша, жарайсыңдар! Өнерлерің өрлей берсін", - деп жазған пікір қалдырушылар. Одан бөлек, кей желі қолданушылары әншінің сахнадан түсіп, өнер көрсеткеніне ризашылығын білдірді. "Сахнадан түсіп, ән айтыпты ғой. Қалғандары түспей қойып еді", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.