"Бейонсе маған ұқсайды": Гүлзира Айдарбекова өзінің жаңа бейнесімен мақтанды

0
10 829

Әдемі өзгеріппін ба?


Үнемі жұрттың аузынан түспейтін Гүлзира Айдарбекова сайттардың өсегіне "шыдай алмай", бетіне ота жасатқанын жазыпты.

"Массаж жасаттым деп сұхбат бергенімді монтаждап, бүкіл елді шулатып, бетіне операция жасатыпты деп сайттар өсектеп, жарыса жазды ғой. “Бөрінің ауызы жесе де қан, жемесе де қан” демекші, лучше сол операцияны жасата салайын деп жасаттым. Әдемі өзгеріппін ба? Наверное @beyonce на меня похоже" дейді продюсер.

Бұл жазбасын оқыған оқырмандары оның бұл қылығын "Битке өкпелеп тоныңды отқа өртеген" сияқты екен деп бағалаған. Сондай-ақ "Біреуге ерегісем деп бетіңізден айрылып қалмаңыз" деп тілектестік білдірсе, енді біреулері бұл суреттің тек фотошоп екенін айтуда.