​«Баламның «кіндік шешесімін»: Қыдырәлі Болманов ел білмейтін құпиясымен бөлісті

0
4 252

«Алдында ұятқа қалып, ақталдым»


​«Баламның «кіндік шешесімін»: Қыдырәлі Болманов ел білмейтін құпиясымен бөлісті

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов үшінші ұлы Нұрәлидің дүниеге келген кезін, «кіндік шеше» атанғанын айтып берді.


«Қарақатым «Ана мен бала» перзентханасында, палатада толғатып жатыр. Ал мен ұзын коридорда, палатасының қасында тілеуін тілеп, орындықта күтіп отырмын. Дұға жасап, Раббымнан Қақатымның жаны аман қалуын, сәбиіміздің аман-есен дүниеге келуін тілеп... тілегім таусылар емес. Дені сау болуын, ақыл-есі түзу, маңдайына екі өмірдің абырой-бақытын жазып, иманымен, бақыт-берекесімен беруін тілеп, сүрелерімді қайта-қайта оқып, таңға жуық отырған жерімде қалғып кетіппін. Біреу иығымнан түртіп, «Сүйінші, ұлды болдыңыз» деп тұр екен. Қуанғанымнан атып тұрып, рахметімді айтып едім, «Жүріңіз, ұлыңыздың кіндігін кесуіңіз керек» десін. Солай, тұңғыш рет өз ұлымның кіндігін өзім кестім.


Ең қызығы, бір мереке кезінде басқа балаларымыздың кіндік шешелері келіп, әрқайсысына сый-сияпаттарын беріп, мәре-с»ре болып жатыр. Тек Нұрәли балам ғана сыйлықсыз. Улап-шулап жүріп біз оны байқамаппыз. Менің «кіндік шеше» екенім қаперімде жоқ, ұмытып кеткем ғой. Бір кезде Нөнәй балам маған «Әке, менің кіндік шешем кім? Неге маған келмейді? Бәріне кіндік шешелері сыйлық алып келеді, демалыста қыдыртады, ал менікі қайда?» десін. Күтпеген сұрақ! «Кіндік шешең» де, әкең де мен едім, балам! Айып менен, ұмытып кетіппін. Әкең екенімді білсем де, «кіндік шешең» екенінімді ескермеппін» деп баламның алдында ақталдым» деді Қыдырәлі Болманов.


Әнші "кіндік шешенің" міндетіне не кіретінін көпшіліктен сұрады.


«Білмей қалдым» деген әкеге жараспайды. Сондықтан ат-шапан, айып менен. Сен 13-ке толғанша «кіндік шешесіз» өсіргеніме айыптымын» дедім. Сөйтіп баламның «әкем ретінде берер сыйлығыңыз бөлек, «кіндік шеше» ретінде бөлек сыйлық беретін болдыңыз» деген шешіміне келістім. Енді «кіндік шешенің» міндетіне не кіретінін үйренуім керек болды» деп көпшіліктен кеңес сұрады өнер иесі.


.