«Бала емізуден басқа тірлігім жоқ»: Ерке Есмахан өзіне бес көмекші жалдағанын айтты

0
4 498

«Қолымнан бәрі келеді, бірақ ештеңе істемеймін»


«Бала емізуден басқа тірлігім жоқ»: Ерке Есмахан өзіне бес көмекші жалдағанын айтты

Екінші баласы қырық күндік шілдесінен шыға сала Мальдив аралдарына демалуға аттанған әнші Ерке Есмахан «Инстаграм» оқырмандарына қазіргі тыныс-тіршілігі жайлы айтып берді.


«Мальдивтегі демалысқа 7 адам боп келдік. Келгеннен домик на воде деген жерде жаттық. Одан жеке-жеке вилламыз болды. Бүгін күйеуім «бәріміз бірге тұрайық» деп 3 бөлмелі вилла алды. Енді кеткенше сонда тұрамыз.


Сонымен, «7 адам кім» деп сұрағандарға, «Ерке, сен осы не істейсің, бәріне өзің үлгеріп жүрсің бе?» деп қоймай сұрап жатқандарға жауап берейін. Мальдивке Райм және мен, қайным, Муслим, Ислам, няня мен көмекшім келдік.


Мені шаршап жүр екен деп ойлап қалмаңыздар. Тұрмыс-тіршілігімді толығымен айтып берейін. Негізі керек болса бәрін өзім жасаймын. Қолымнан бәрі келеді. Бірақ жасамаймын. «Еркемін, еркелет өмір, ер-жігіт, еркелете біл» деп бекер әндетпеппін кезінде.


Ислам дүниеге келгелі, үй жинап, кір жуып, киім үтіктеп, азық-түлікке барып, дәмді тамақ дайындап қоятын, бар тірлікті істейтін үй жұмысшысы бар. Муслимді сабаққа, жаттығуға апарып, алып келетін жүргізуші бар. Няня – ол міндетті түрде. Жұмыс жағын реттеп отырған 2 директорымыз бар. Осы қасымыздағы жандарға мың алғыс» деп ағынан жарылды әнші.


Ол сондай-ақ осындай жағдай жасап отырған күйеуіне алғыс айтты.


«Бар жағдайымызды жасап, отбасын асырап отырған - адал табысты, несібесі мол, берекелі күйеуім. Барлық еркелеуім осы жолдасымның арқасы. Шүкір! Рахмет, жұмағым!


Шын, мен дым істемеймін, кітап оқимын, сериал, кино көремін. Шоппинг, уход жасаймын, тағы басқа өзімнің жұмыстарым бар. Менің міндетім тек Исламның қасында болуым керек, уақтылы емізуім керек және күйеуімнің қас-қабағына жауаптымын и все!


«Ой, ужас, ештеңе істемейді екен, жалқау, құтырған» деп шошымаңыздар. Әркімнің тіршілігі әр түрлі. Маған Алла осылай бұйыртыпты. Сіздерге де дәл менікіндей комфорт тілеймін. Алла жанұяларыңызға молшылық, бақыт, бөпе нәсіп етсін. Әр қазағым, әр әйел ең жақсыға лайықты. Сол үшін «енді қыз тумасам болмас» деп отырмын ғой. Өзім-ай, өзім. Барлығына Аллаға сансыз шүкір!» деп жазды Ерке Есмахан.


Айта кетейік, Ерке Есмахан былтырғы ақпан айында өзінен 12 жас кіші әнші Райммен шаңырақ көтерген еді. Жақында екінші ұлын дүниеге әкеліп, қырық күндік шілдеде қалай күтінгенін айтып берген еді.