«Антивирус»: ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазды

0
2 407

Ақын коронавирустың Қазақстанға келмеуі, таралмауы үшін президент барлық жағдайды жасап қойған деген сенімде.


«Антивирус»: ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазды

фото: ашықдереккөзден алынған

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Құдайға теңеген ақын Балтабек Нұрғалиев қазіргі кезде әлемді алаңдатып отырған коронавирус дертіне қарсы дұға жазып шыққан.

Ол жан тебірентерлік өлеңін Facebook-парақшасына жариялаған.


Коронавирус! Коронавирус!
Тарай көрмесін далама вирус!
Тарай көрмесін қалама вирус!
Тарай көрмесін ауаға вирус!

Еліме менің жолама, вирус!
Елімді менің тонама, вирус!
Көз тігіп бізге қарама, вирус!
Тарама деймін, тарама, вирус! - деп басталған өлең жолдары ""Сақтансаң, сақтармын" деген бе еді? Біздің еліміз медицинасы мықты ел ғой! Біздің Президентіміз коронавирустың біздің елге енбеуіне, кірмеуіне барлық жағдайды жасап отырғанына сенім кәміл!" - деген сөз түйіндеумен аяқталған.


ERNUR.KZ