​«Анаконда... Сүзетін бұқа... Мамасы мен баласы сияқты...»: әнші Қарлығаш Сұлтанша бір күнде орамалын шешіп тастады

0
24 904

«Оқырмандардың сөзінен кейін отбасымыз шайқала жаздады»


​«Анаконда... Сүзетін бұқа... Мамасы мен баласы сияқты...»: әнші Қарлығаш Сұлтанша бір күнде орамалын шешіп тастады


Өнерлі жұп Қуаныш пен Қарлығаштың отбасында өзгеріс орын алды. Бұған дейін көпшіліктің алдына орамалмен шығып жүрген Қарлығаш Сұлтанша бір күнде жаулығын шешіп тастады. Ал оған себеп болған жағдай – «Инстаграмдағы» оқырмандардың сыны.


«Күйеуімнің маған қарай теңесуге мүмкіндігі болмаса, мен күйеуім үшін жығыламын. Аллаға тәуекел еттім. Орамалымды шешкенге кешеден бері оқырмандарым шок боп жатыр. Маған да бұндай қадамға келу оңай емес. Отбасымызбен үйде үлкен жиналыс болып, осындай қадамға бардым. Себебі отбасымды сақтап қалу керек болды. Күйеуім «орамалыңды шеш» дегесін шешуіме тура келді. Әркім өзінің тіліне, жүрегіне ие болса екен деймін» деп видео жолдады Қарлығаш.


Әншінің бұндай қадамға баруына оқырмандардың «Күйеуінің анасы сияқты», «Жігітке толу керек, екеуі жұп сияқты көрінбей тұр. Келіншегі апасы сияқты», «Қуаныш бала құсап тұр», «Мамасы мен баласы ма», «Ойбай әйелі сүзейін деп тұрған бұқа сияқты ғой. Қасыңдағы қорқып тұрған бала ғой, көзі жыпылық-жыпылық етіп тұр. Күйеу бала жақсы, момындау сияқты, ал анау настоящая анаконда», «Өмірде қор болған еркек қой мынау» деген пікірлері себеп болыпты.


«Орамалға келу емес, орамалдан кету қиын екен. Осы уаққа дейін оқырмандардың алдына жылап шықпаған екем. Біреудің алдында ақталып отырғаным жоқ, бірақ біреу менің орамалымды зорлап шешкізгендей сезімде тұрмын. Сондай музыкантты қор қылдыңыздар-ау намысына тиіп. Бір отбасын шайқалтуға дейін алып келдіңіздер. Сөзге де абай болыңыздар!» деді Қуаныштың әйелі.