Алтынай Жорабаева: «Бақыттан басым айналып жүр”

0
1 525


Алтынай Жорабаева: «Бақыттан басым айналып жүр”

Танымал әнші Алтынай Жорабаева дәл қазір бақыттан басы айналып жүргенін айтады. Оған себеп - үйінде отағасымен ғана қалып, өзі айтқанда “лафа” өмір сүріп жатуы. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап, оқырмандарымен бөлісті.

Алтынай Жорабаева: “Соңғы уақытта инстаға ештеңе салмай кеттім. Көзден кетсе, көңілден де кетеді демекші, мені ұмытып қалған жоқсыздар ма?

Негізі , өзім бақыттан басым айналып жүрмін

Үйдегі, жұмыстағы көмекшілерімді демалыстарына жіберіп едім.

Тойға да көмекшісіз жүргендіктен , не видео, не фото салуға ерінем.

Бала-шағаны да 1 айға Аланияға жібердік.

Үйде отағасы екеуіміз ғана.

Құдай-ау , жолдасым ештеңе жасама дейді ғой.

Ұйқыңды қандыр , өзіңе ұнайтын нәрсені жаса, фильмдер қара дейді.

Тіпті таңертең , жұмысқа дыбысын шығармай, жәй киініп, бетімді сүйіп шығып кетеді ғой.

Қысқасы , менде лафа.

Аллаға сансыз шүкірлер”.



Әншінің бұл жазбасын оқыған жанкүйерлері ол үшін қуанып, ізгі тілектерін жазған.
Кейбірі әншінің бұрынғы көрген қиындығының қайтарымы екен жазған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алтынай Жорабаева бірінші некесінде көп қысым көргенін және “лі де айтамын десем, сорақы әңгімелер жетеді” деп жазған болатын.