​«Ақымақтың рөлін ойнау керек»: Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева әйелдерге ақыл айтты

0
3 820

«Жиіркендіріп жіберме, күтімі бар қатын бол!»


​«Ақымақтың рөлін ойнау керек»: Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева әйелдерге ақыл айтты

КВН ойыны арқылы көпшілікке танылған актриса, блогер Мереке Қалбаева «Инстаграм» парақшасында қыз-келіншектерге өз өмірінен мысалдар келтіріп, ақыл айтты.


«Қыздар, менің түсінгенім, сен мың жерден мықты әйел бол, қырып-жойып ақша тап, тауды қопарып тірлік қыл, бірақ күйеуіңнен бір саты төмен тұрмай, сыйламасаң, онда ақшаңның берекесі болмайды. «Ақылдылар көбейген» демеңдер. Басымнан өткен соң бөлісейін дедім.


Үйленген соң бастапқы жылдары Арекеңді (күйеуі Арсен) тыңдағым келмей, сөз қайтарып, а десе мә деп, болмайтын жерден ұрыс шығарғым келіп жүргенде, нәтижесі ажырасуға бір қадам болды. Ол кезде үйіміз жоқ, қарыз көп, пәтердің жағдайы нашар,береке де, тыныштық та жоқ еді.


Одан соң өзіме «Мереке, сен қуасың ба? Ол ішпейді, шекпейді, ұрмайды, басқа қызларға қарамайды, сені ғана сүйеді. Сонда саған не керек? Таңда! Арсенді алға шығарып, өзің соған арқа сүйейсің. Болмаса, ажырасасың!» деп өз-өзіме таңдау жасаттым. Не керек, Арсен іске кірісіп еді, бірден байып кеттік, шүкір!» деп жазды белгілі блогер.


Ол сондай-ақ енді тұрмысқа шыққан әйелдерге, декретте отырған аналарға былай деп ақыл айтты.


«Өзіңе үнемі қарап, күтімі бар қатын болып жүр. Мың жерден ақылды болсаң да, «тупицаның» рөліне кір. Түнде риза қыл. Бала-шағаң, үйің таза болсын. Тамақты тәтті қылып жаса, бірақ өзің аз же, ешқашан семірме. Еркелеп жүр, бірақ асыра сілтеп, жиіркендіріп жіберме. Қалауыңды түнгі ризашылықтан кейін айт. Дәл осылай істеп жүріп, күйеуің біреуге кетсе немесе ұрса, онда маған айт» деді Мереке.


Еске сала кетейік, Мереке Қалбаева осыдан 6 жыл бұрын өзінен 6 жас кіші Арсен Акиевке тұрмысқа шыққан болатын. Өнерлі жұп қазір әлеуметтік желіде әртүрлі вайн түсіріп, танымал болып жүр.