Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі: "Қалғанын Алла реттейді..."

0
6 567


Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі:

Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі әлеуметтік желіге ақынмен бірге түскен суретін жариялап, төмендегі жолдарды жазған.

Иманалиев Нұржан: "Жақсы болса алғаның,
Үйіңнен кісі кетпейді.
Абыройың асқақтап,
Бау бақшаң өсіп, көктейді.
Жаман болса алғаның,
Шын досың да шеттейді.
Жақсы болса жолдасың
Бкқытын басқа теппейді.
Бұл дүниенің қызығы
Жақсылармен өткізген
Бір сағатқа жетпейді.!
Дұрыс болса ниетің,
Қалғанын Алла реттейді!"


Бұл жазбасын көрген желі оқырмандары оларға бақыт тілеп, сәби сүюлеріне тілектестігін білдірген.

Кейбірі "Осы өлең жолдарын жеңшем жаздырып отыр-ау" деп қалжыңдаған.

Естеріңізге сала кетейік, танымал айтыскер, қазір әлеуметтік желіде танымал мотиватор Айнұр Тұрсынбаева үшінші рет Нұржан есімді азаматпен отбасын құрып, Түркия елінде тұрып жатыр.