"Әйеліме полный өзгеріс керек": Әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың бұл сөзі жұртты ашуландырды

0
10 563


Танымал Қанат Әлжаппаровтың әлеуметтік желіде әйелі екеуінің сөйлескен видеолары тарады. Онда әзілкештен әйелі өзінің қай жерін өзгерткісі келетінін, өзіндегі қай жері ұнамайтынын ашық сұрайды. Бұл сұрағына "Полный өзгеріс керек" деп күлген әзілкеш "Оның бойы мен басқа тұстарына қарайтын болса, үйленетін кезде мән берген болар едім" дейді.


Бұл видеоны көрген желі оқырмандары әзілкештің бұл сөзін сынға алып, "Менімше өзіне полный өзгеріс керек...өз міндерін айтты деп ойлаймын, қалжыңдаған болып өз кемшілігін айтты ғой, тілін қысқартса. қалай дегенмен еркек қой, он деп қояды.... тым болмаса төрт ауызына келмеген екен, асырауды түк ойламайтын адамға ұқсап қалды ғой", "Аиели дурыс..кишипейл..казактын карапайым кызы..Канаттын ози шамалы ауырп калад екен арасында жулдыз ауруымен..Актобе сапары есинде болса" дегендей пікірлер жазуда.

Көпшілік олардың неге бір-бірімен сұқбаттасып отырғандарын түсінбеген. Анықтағанымыздай, бұл "MAMILE" деген жаңа жоба. Ютуб арнасында жарық көретін бұл бағдарламаларды "Назар аудар" командасы түсіріп жүр. Олардың айтуынша, "Мәміле, күйеуі мен әйелінің арасында жиі болып тұру керек. Ал, үйінде көп бола бермейтін, жұбайынан гөрі фанаттарымен көп көрісетін танымал адамдарда, тем более! Қысқасы, бұл жобада жұлдыздар өз әйелдеріне (немесе күйеулері әйелдеріне) сұхбат береді. Яғни, әйелінің (күйеуінің) кез келген сұрақтарына жауап береді. Жауап бере алмаса ШТРАФ, 30,000 теңге! 3 сұраққа жауап бере алмаса 100,000 теңге. Ал әйелі сол ақшаны алу үшін әрине, барын салады" дейді.

Бағдарламаның толық нұсқасы: