«10 миллион теңге төлеген»: Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

0
4 299

«Мүлдем ақылға сыймайды»


«10 миллион теңге төлеген»: Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағының аумағында туристерді қыдыртып жүрген гидті дұрыс көзқараспен қарамағаны үшін соққыға жыққан белгілі әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты.

Еске сала кетсек, оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеліп, Төреғали Төреәлі қамауға алынған болатын.


"Алматы облысы Кеген аудандық сотының қаулысымен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдіктінің Төреғали Әлихановқа қатысты "Бұзақылық" 293-бабының 1-бөлігі бойынша он миллион теңге сомасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі.


Айта кетсек, уақытша ұстау изоляторында отырғанда Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтқан болатын.


Оның сөзінше, жанжал жаңа клиптің түсірілімі барысында шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Өзара ерегіс соңы әншінің жұдырық жұмсауымен аяқталған.


Болған жағдайға таң болған туристердің видеосы әп сәтте әлеуметтік желіні шарлап кеткен. Куәгерлер «Еуразия» арнасына оқиғаның қалай басталғанын айтты.


"Бірақ сен жұлдызсың, үнемі қоғамның алдында жүресің және сен оған үйренуің керек алайда маған оның мінез-құлқы мүлдем түсініксіз болды. Әлбетте, мұндай оқиғаға тап болу жағымсыз естелік қалдырады. Және маған осындай атақты азаматтың өзін бұлай көрсетуі біртүрлі көрінді", - дейді Мәскеуден келген турист Михаил Бердичевский.


Астанадан қыдырып келген азамат Раушан Қияқова әншінің мінез-құлқына таңданады.


"Себебі ол теңселіп тұрмағандай көрінген секілді еді, бірақ өзін өте ашулы ұстады, машинадан түсті де оның аяғынан, денесінен теуіп, сосын бетінен ұрды", - деп жалғады Қияқова.


"Мұндай әрекет адам туралы жақсы ой қалдырмайды, ал біздің отандық жұлдыздар үшін мүлдем ерсі қылық. Себебі ол жерде Америкадан келген қаншама турист болды. Және мынандай оқиғаның орын алуы мүлдем ақылға сыймайды", - деп қосты Раушан Қияқова.


Оқиға куәгерлері әншінің өзін-өзі ұстауы дұрыс болғанын айтады.


"Өйткені мен бірнеше рет есірткіге масаң күйде болған адамдарды көрдім және көптеген поп-мәдениет өкілдері осы күйде жұмыс істеуді жақсы көретінін білемін. Барлығы демеймін, алайда көбісі солай", - дейді мәскеулік турист Михаил Бердичевский.


Бұл оқиға Төреғали Төреәлінің қатысуымен болған алғашқы жағдай емес. Осыдан 5 жыл бұрын ол Павлодарда өтіп жатқан концертте егде кісіге дөрекі сөйлегені үшін сынға қалған. Ол кезде әртіс көпшіліктің алдында кешірім сұраған.