​СҮЙЕЛДІ кәдімгі ЖОЛЖЕЛКЕН кетіреді

0
6 437

Сүйелдің неден қорқатынын білесіз бе?


​СҮЙЕЛДІ кәдімгі ЖОЛЖЕЛКЕН кетіреді

фото: rodinkam.net

Сүйел ауырмайды, тек ыңғайсыздық турады. Сүйле терінің сыртқы қабатына шығады. Оның шығуын бір ғана себеппен түсіндіре алмаймыз. Оның шығу себебі де, түрлері де өте көп. Сүйелдің жұқпалы түрі де бар. Сүйелдің пайда болуының бірінші себебі – вирус. Сүйелі кетірудің медициналық тәсілдері бар. тіпті, хадық әдісімен де сүйелден арылуға болады.


Сүйел – теріде тығыз түйін түрінде пайда болады. Оны жою аса сатықты қажет етеді. Себебі, олардың тамырлары теріге өседі. Сүйел дененің әртүрлі бөліктерінде пайда болуы мүмкін. Аяқ-қолдарда, бетте, интимдік жерлерде, арқада болуы да мүмкін. Сүйел көп жағдайда иммунитеттің әлсіздігінен шығады. Сондықтан сүйелді кетіруде қандай ем бастасаңыз да, аяғына дейін жеткізуге тырысыңыз.

фото: Яндекс.Дзен


Ендеше, халық әдісімен сүйелді кетірудің жолдарымен танысайық...

  • 20 гр. кәдімгі ошағанды (репейник) 200 гр. қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 0,25-0,5 стақаннан 3-4 рет ішіңіз.
  • 2 ас қасық дәріханалық жаужапырақ (мелисса) шөбін 300 мл қайнаған суға демдеп қоясыз. 20 минуттан соң дайын болған емдік тұнбаны сүзіп алып, іщіңіз. Күніне бір рет қабылдасаңыз болады.
  • 2 шай қасық сәлбенді (шалфей) 2,5 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішіңіз. Емді әр 2-3 сағат сайын жүргізу керек.
  • 1 ас қасық қырмызыгүлді (календула) 1 стақан қайнаған суға салып, демдейсіз. Бқлме температурасында салқындаған соң сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішесіз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек.
  • 1-2 шай қасық жусанды (полынь) 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Шамамен 15-20 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 десерт қасығымен 3 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан 30-60 минут алдын қабылдау керек.
  • 10 гр. жолжелкен (подорожник) жапырағын 200 мл қайнағанс уға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 25 минуттан соң сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішіңіз. Емді күніне 3-4 рет қабылдау керек.

Немесе тамақтанудан 15-30 минут бұрын 1 ас қасық жолжелкен шырынын ішіңіз. Емді күніне 3 рет қайталасаңыз, сүйелдің ізі де қалмайды.

  • 1 шай қасық түйежапырақ (лопух) тамырын 2,5 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 20 минуттан соң сүзіп алып, 0,5 стақаннан күніне 4 рет ішіңіз. Емді тамақтан алдын қабылдау керек.

фото: medbooking.com

Сүйел неден қорқады?

  • Сүйелді алма тіліктерімен ысқыласаңыз, көлемі кішірейіп, ізі жоғалады. Емді күніне 5-6 рет, 3-4 апта бойы жасаңыз.
  • Сүйелшөп шырынын сүйелге сіңдіріп жағыңыз. Емді күніне 2-3 рет қайталап жүрсеңіз, аз уақытта сүйелден құтыласыз.
  • Сарымсақ тісін де сүйелге ысқылап жағыңыз. Немесе жұқа әрі жіңішке тілікті сүйелге қойып, сыртынан пластырь жабыстырып қоясыз. Нәтижесі сізді қуантады.
  • Бананның қабығын текшелеп тураңыз. Оған сарымсақтың шырынын тамызып, сүйелге қоясыз. Сыртынан пластырь жабыстырып, таңға дейін ұстайсыз. Осыдан соң-ақ сүйел түсіп қалады.
  • Сүйелді сулап алып, нашатыр спиртін жағыңыз. Емді-жиі-жиі жасасаңыз, нәтижесін тез байқайсыз.
  • Сүйелге бор жақсаңыз да болады. Немесе борды үгітіп, сүйелдің бетіне себесіз. Сыртынан орап қойсаңыз, сүйел кете бастайды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз


Дереккөз: apteka72.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ДЕПРЕССИЯҒА түссеңіз БАНАН жеңіз


Шашыңыз ТҮСУІН тоқтатпаса АРАҚПЕН жуыңыз


АПЕЛЬСИННІҢ жапырағы ТӘБЕТТІ ашады