​КОФЕГЕ қанттың орнына БАЛ қосып ішсеңіз АҒЗАДА қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?

0
4 978

Емді ҚАШАН және ҚАЛАЙ қолдану керектігін білу үшін сілтемеге өтіңіз. НАҚТЫ әрі ҚОСЫМША мәлімет аласыз.


​КОФЕГЕ қанттың орнына БАЛ қосып ішсеңіз АҒЗАДА қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?

фото: esperanto.masto.host

Іш қату – бүгінгі маңызды аурулардың бірі болып тұр. Тіпті, ішті босататын дәрілермен «дос» болып алғандар да бар. Ал кейбірі үлкен дәретке аптасына бір рет барса да қалыпты қабылдайды. Негізінде іштің қатуы қауіпті ауруға жатады. Оған ағзаны үйретуге болмайды. Керісінше, аурудан айығудың жолдарын қарастыру керек.


Кейбір мамандар ішті босататын дәріні көп ішуге болмайтынын, уақыт өте дәріге тәуелділік пайда болатынын алға тартады. Сондықтан да дерттің дауасын тауып, үй жағдайында емделіп көрелік.

фото: gastritinform.ru

Іш қатуға мына жағдайлар себеп болады:

  • дұрыс тамақтанбау;
  • асқазан-ішек жолдарына ота жасау;
  • психологиялық стресс;
  • жүктілік;
  • сұйықтықты аз ішу.


Бұл іш қатуға себеп болатын алғашқы жағдайлардың бірі ғана. Егер сізде үш күн қатарынан іш қату болса, онда дәрігерге тексеріліңіз немесе мына емді қолданып көріңіз. Бұл халықтық емделу әдісі емес. Кез келгеніміздің ас үйімізден табылатын азықтардың көмегімен аурудан айығудың жолдары.


КЕФИР мен МАЙ

1 стақан кефирге 1 ас қасық өсімдік майын араластырып, аз жұтымнан ішесіз. Емді ұйқыға жатар кезде жүргізу керек.

Кефир – ішті босатып, ішектің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Ал май ішектің қабырғаларына жабысып қалған қалдықтарды сыртқа шығаратын қасиетке ие.


СҮТ пен БАЛ

Ыстық сүт ішті жүргізеді әрі ішектің кебуін емдейді. Ол үшін ашқарынға 1 стақан ыстық сүт ішуді әдетке айналдырыңыз. Егер дәмі ұнамаса 1 шай қасық бал қосуға болады. Артынан таңғы асқа отырасыз. Өздеріңіз білетіндей, бал мың бір дертке дауа. Ал сүттің де бірнеше ауруды емдейтін қасиеті бар.

фото: coream.ru

Алма СІРКЕ СУЫ мен жылы СУ

1 стақан қайнатылған жылы суға 2 ас қасық алма сірке суын араластырасыз. Дайын болған сусынды теңдей етіп үшке бөліңіз. Бір бөлігін таңғы астың алдында, екіншісін түскі, үшіншісін кешкі астың алдында ішесіз.

Алма сірке суы іш қатуды емдейді әрі ішектің, асқазанның жұмысын жақсартады.


БАЛ мен КОФЕ

Күнде таңертең 1 немесе 2 шыны кофе ішуге әдеттеніңіз. Бірақ кофеге сүт пен қант емес, керісінше бал қосу керек. Бұл сусын бойыңызға сергектік сыйлайды әрі іш қатудан арылтады. Ем үшін кофенің табиғи түрін таңдағаныңыз жөн. Табиғи кофе ішті жүргізеді әрі артық шлак пен нәжістен арылтады.

ЕСКЕРІҢІЗ! Кофені ашқарынға ішуге болмайды. Емді мейлінше таңғы астан соң жүргізген жөн. Ашқарынға ішкен кофе гастрит ауруының пайда болуына септігін тигізеді.

Тағы бір ескеретін жағдай, бұл емді жүргізген кезде кемінде 3 литр сұйықтық ішуге тырысыңыз. Өйткені кофенің несеп жүргізетін қасиеті де бар. Сондықтан да ағзаңыз су тапшылығына ұшырауы мүмкін.


ІНЖІР мен СУ

Інжір – ішті жүргізетін табиғи «дәрі». Інжірді тұтыну арқылы сіз ішекті артық қалдықтан, шлактан, жиналған нәжістен тазалайсыз, жедел әрі дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етесіз. Дәріханадағы іш жүргізетін химиялық дәрілерден әсері 10 есе артық десек қателеспейміз. Ол үшін шағын ыдысқа 1 литр су құясыз. Оған 1 стақан інжір салып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, баяу қайнатасыз. Шамамен 15 минуттай қайнаған соң інжірді сүзіп алып, жақсылап езіңіз. Дайын болған езбені ыдыстағы қайнаған суға қайтадан саласыз. Тұнбаны жақсылап араластырып алып, шыны ыдысқа құйыңыз. Емдік қасиеті мол сусынды ұйқыға жатар кезде ішесіз.


БАЛ мен СУ

Жоғарыда айтқанымыздай, балдың қасиеті орасан. Оны өзін жесеңіз де, суға салып ішсеңіз де емдік қасиетін жоғалтпайды. Осы орайда балдың көмегімен іш қатудан арылатын 2 жолды ұсынамыз. Ыңғайлысын өзіңіз таңдап алыңыз.

  1. Күніне 2 рет 1 ас қасықтан бал жейсіз. Біріншісін таңертең, екіншісін кешке жеу керек.
  2. 1 стақан қайнатылған жылы суға 1 ас қасық бал араластырып, аз жұтымнан ішіңіз. Бір сағат өтпей-ақ ағзаңыздағы оң өзгерістерді байқайсыз.

фото: coream.ru

СУмен де ЕМДЕЛУГЕ болады

Ем үшін ішетін минералды суды дене температурасына шамалап жылытасыз. Сосын 1 стақаннан тәулігіне 3 рет ішесіз.

Кәдімгі минералды су:

  • қатып қалған нәжісті босатады;
  • желдің шығуына ықпал етеді;
  • тік ішектің қабырғаларын қалдықтан тазалайды;
  • іштің бүруін емдейді;
  • ішекті аурулардан қорғайды.


Оған қоса, іш және ішек ауруларынан айығуға қараөрік, алоэ, қызылша қайнатпалары да керемет көмектеседі. Қайнатпаны дайындау қиын емес. Дайындалу тәсілі бірдей.

Алдымен 1 стақан суды ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Оған өзіңізге ұнайтын жемісті не көкөністі қосып, 3-5 минуттай қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны сүзіп алып, жылыған кезде ішесіз. Бұл қайнатпа іштің қатуына ем болады әрі ағзаның жұмысын белсенді етеді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Аяқ-қолдың МҰЗДАУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


Іші ӨТКЕН балаға АНАР ҚАБЫҒЫНЫҢ тұнбасын ішкізіңіз


Таңертең ҰЙҚЫДАН ШАРШАП оянуға МЫНА аурулар себеп болады