​ҚИЯР шырыны ЦИСТИТТЕН құтқарады

0
3 474

Емді ЖЕТІ күн ғана ЖҮРГІЗЕСІЗ


​ҚИЯР шырыны ЦИСТИТТЕН құтқарады

фото: 999x.ru

Цистит – несеп жолдарының қабынуы. Егер уақытында емделмесе созылмалы ауруға немесе айықпас дертке айналады. Циститке шалдыққан науқастың несеп жолдары, кіші жамбасы ауырады, несеп жолдарында жайсыздық сезіледі әрі кіші дәретке баруы жиілейді, алайда зәрдің шығуы қиындайды. Асқынған кезде науқастың қызуы көтеріліп, зәріне қан араласады.


Мұндай жағдайда дәрігер науқасқа антибиотик пен физиотерапия ұсынады. Егер дәрі қабылдау қиындық тудырса, екпе салдырудың мүмкіндігі болмаса, онда халықтық тәсілмен дертіңізге дауа таба аласыз. Бұл ем тез әрі нәтижелі болуына сенсеңіз болады.

фото: zhivotbolit.ru


ТҮЙМЕДАҚ тұнбасы

Ыдысқа жарты шай қасықтан кептірілген түймедақ (ромашка) пен қырықбуынды (хвощ) саласыз. Оған 2 стақан қайнаған су құйып, 20-25 минуттай тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 15 мл-ден ішесіз. Емді күніне 3 рет тамақтан алдын қабылдау керек.


МЫҢЖАПЫРАҚ тұнбасы

Шағын ыдысқа 2 шай қасық ұсақталған мыңжапырақ (тысячелистник) пен аюқұлақ (толокнянка) шөбін және 1 шай қасық үгітілген қайың бүршіктері мен андыз (аир) тамырын саласыз. Үстіне 2 стақан қайнаған су құйып, отқа қоясыз. Баяу отта 10 минуттай қайнату керек. Белгіленген уақыттан соң отты өшіріп, ыдыстың қақпағын мықтап жауып қойыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң емдік тұнбаны сүзіп алып, күніне 3-4 рет ішесіз.


ҚЫРЫҚБУЫН тұнбасы

1 ас қасық кептірілген шөпті 0,5 литр сумен араластырасыз. Ыдысты отқа қойып, 15-20 минут қайнатыңыз. Сосын ыдысты жылы орап, 1 сағаттай тұндырып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 70-80 мл-ден ішіңіз. Емді күніне 2 рет жүргізу керек.


ЖОЛЖЕЛКЕН тұнбасы

Кең әрі ыңғайлы ыдысқа 1 шай қасықтан қызыл мия (солодка) тамырын, қайың жапырағын, жолжелкен (подорожник) мен аюқұлақты (толокнянка) араластырасыз. Үстіне 2 стақан қайнаған су құйыңыз. Ыдыстың қақпағын мықтап жауып, тұндырып қоясыз. Шамамен 6 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, отқа қоясыз. Емдік сусын баяу отта 10-15 минут қайнауы тиіс. Айтылған уақыт өткенде тұнбаны сүзіп алып, күні бойы ішіңіз.


ҚАЗТАБАН тұнбасы

Шағын ыдысқа бірдей көлемде жолжелкен, қырықбуын және қазтабан шөптерінің үгіндісін саласыз. Үстіне қоймалжың қалыпқа келгенше су құйып араластырыңыз. Дайын болған езбенің 1 ас қасығын термостағы 0,5 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 12 сағаттан соң емдік сусынды сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 4 рет қабылдайсыз.


ЗЫҒЫР дәні

3 ас қасық ұнтақталған дәнді 500 мл салқын суға салып, отқа қоясыз. 10 минуттай баяу отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң отты өшіріп, ыдыстың қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасық бал қосасыз. Дайын болған сусынды 1 сағаттың ішінде бөліп-бөліп ішу керек.

ЕСКЕРІҢІЗ! Емдік ШӨПТЕРДЕН дайындалған тұнбаны ЖЕТІ күн ғана ішу керек.


Ал егер сіз шөптен дайындалған емді қабылдай алмасаңыз, онда ас үйдегі көкөністердің көмегіне жүгініңіз. Мәселен, ақжелкен, аскөк, жебіршөп секілді ас сөресіндегі көктердің де циститке тоқтау салатын қасиеті бар. Бастысы, қашан және қалай ішу керектігін білсеңіз болғаны. Алдымен дайындалу әдісімен таныстырып өтейік.

фото: narod.hozvo.ru


АҚЖЕЛКЕН тұнбасы

1-рецепт

Ақжелкенді жақсылап үгітіп аласыз. 1 шай қасық үгіндіні 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 2 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, сол күні ішіп таусытыңыз.

2-рецепт

250 гр. ақжелкенді 150 мл сүтке салып, отқа қоясыз. Сүт піскенше отта тұру керек. Сосын сүтті сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 8 рет ішесіз.


АСКӨК тұнбасы

1 шай қасық ұнтақталған аскөкті 2 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 60 минуттан соң сүзіп алып, 20 мл-ден ішесіз. Емді ашқарынға жүргізу керек.


ЖЕБІРШӨП тұнбасы

100 гр. жебіршөпті (тимьян) 0,5 литр қайнаған суға салып, қақпағын жабасыз. Шамамен 1 сағаттай тұндырылған соң сүзіп алып, 2 ас қасықтан күніне 2 рет ішіңіз.


Шырынның да циститті емдейтін қасиеті бар

Цистит кезінде сұйықтықты көбірек ішу керек. Мамандар зәр арқылы инфекцияның біраз бөлігі шығып кетеді дейді. Сондықтан да таза судың орнын жеміс шырындарымен алмастырсаңыз керемет болмақ. Саулығыңызға да, ағзаңызға да, тіпті сыртқы келбетіңізге де тигізетін пайдасы орасан.

фото: 365new.biz

ЛИМОН ШЫРЫНЫ – цистит кезіндегі жайсыздықты жояды, несеп жолдарындағы инфекцияның сыртқа шығуына септігін тигізеді әрі иммундық жүйені нығайтады. Мейлінше күніне 2 рет лимон шырыны мен қайнаған суды бірдей көлемде араластырып ішіңіз.


МҮКЖИДЕК ШЫРЫНЫ – иммунитетті көтереді, бактерияға қарсы қызмет атқарады, несепті жүргізеді. Аурудан айыққыңыз келсе, күніне 1 стақан мүкжидек шырынын ішуді әдетке айналдырыңыз.

ЕСКЕРТУ! Асқазанда гастрит немесе жара болса, бауыры ауыратын болса, аталған шырынды ішуге БОЛМАЙДЫ.


ҚИЯР ШЫРЫНЫ – жалпы жағдайыңызды жақсартады, қалжыраған ағзаны қалпына келтіреді. Ол үшін 1 стақан қияр шырынына 1 шай қасық сұйық бал мен 2 ас қасық лимон шырынын араластырып ішіңіз.


ШАЛҒАМ ШЫРЫНЫ – цистит ауруын емдейді әрі иммунитетті көтереді. Шырынды дайындау үшін шалғамды еттартқыштан өткізіп, шырынын аласыз. Сосын тамақтан алдын 1 шай қасықтан ішесіз.


САУМАЛДЫҚ ШЫРЫНЫ – несеп жолдарын жуады, тазалайды әрі ағзадағы артық заттарды шығарады. Ағзаңызды толық тазартқыңыз келсе үзбей 7 күн 100 мл саумалдық шырынын ішіңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: fraumed-net.



Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Сізге МЫНА емдік ШӨПТЕРДІ қолдануға БОЛМАЙДЫ


Ашқарынға БАЛ жесеңіз АҒЗА қандай ӨЗГЕРІСКЕ ұшырайтынын білесіз бе?


КОРОНАВИРУС, АЛЛЕРГИЯ, ТҰМАУ немесе СУЫҚ ТИЮ - АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ қандай?