​Долана тұнбасы жүйкені тыныштандырады

0
3 654

Жүйкеңізге көмектесіңіз.


​Долана тұнбасы жүйкені тыныштандырады

фото: vsedavlenie.ru

Жүйкені сақтау керек. Оны қалпына келтіру үшін дәрі-дәрумен ішуге асықпай, мына халық әдісімен ем қабылдаңыз. Өйткені бүгінде жұйкесі шаршамаған адам қалмады ғой. Сондықтан да мына тұнбаны дайындап ішіп, жүйкеңізге көмектесіңіз.

  • 100 гр. жалбызды, 130 гр. шүйгіншөпті, 200 гр. жұпаргүлді, 200 гр. түйежоңышқа, 200 гр. долана, 4 ас қасық итмұрын шөбін жақсылап ұнтақтап алып, араластырыңыз. Емдік шөпті ыдысқа салып, үстіне 1,5 л қайнаған су құясыз. Ыдыстың қақпағын жауып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 0,5 стақаннан тамақтан алдын ішесіз.
  • Бірдей көлемде түймешетенді, қырмызыгүлді, жұпаргүлді араластырыңыз. Араласқан емдік шөптің 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Тұнба салқындаған соң сүзіп алып, 0,5 стақаннан күніне 2-3 рет ішіңіз.

фото: oum.ru

  • 1 ас қасық шүйгіншөп тамырын термосқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, бір түнге қалдырасыз. Таңертең дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақан ішесіз. Бұл тұнба жүйкені тынықтырады, бас ауруын емдейді, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады.
  • 1 ас қасық долананы стақан суға салып, жылы орап қоясыз. Тура 2 сағаттан соң сүзіп алып, 1-2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан алдын қабылдау керек.
  • 20 гр. кептірілген таран шөбін 1 стақан қайнаған суға салып, 2 сағат тұндырып қойыңыз. Осы уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 2-5 рет ішіңіз.
  • 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық жебіршөпті салып, 30 минут тұндырыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз.


Л.ІҢКӘРБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Тыныс алу жаттығулары тұмаудан қорғайды


МАЙТАБАНДЫ емдеу үшін ЖАТТЫҒУ жасаңыз