Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

0
267

Президенттің тиісті ұсынымы сенатқа келіп түсті.


Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Парламент сенатының депутаттары Жоғарғы соттың екі судьясын отставкаға кетуге байланысты қызметінен босату туралы қаулыны қолдап дауыс берді, деп жазады sputnik.kz.

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипптің айтуынша, Әбдірашит Жүкенов пен Зәуре Кейкібасованың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату ұсынылды.
Екі судья да зейнет жасына жеткен. Судья қызметінде мол тәжірибесі бар – тиісінше 28 және 31 жыл. Судья қауымдастығында да абырой-беделі жоғары.
Сенат депутаттары Жүкенов пен Кейкібасованы орнынан түсуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы қаулыны қолдап дауыс берді.