Жетісу облысындағы төтенше жағдайға байланысты 50 тұрғын эвакуацияланды

0
768

Көксу ауданы Мәмбет ауылында 5 аула аумағы су астында қалды.


Жетісу облысындағы төтенше жағдайға байланысты 50 тұрғын эвакуацияланды

ERNUR.KZ. ТЖМ Жетісу облысында жауын-шашынның көп болуына байланысты қалыптасқан ахуалды жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

ТЖД мен ЖАО күшімен Қарабұлақ ауылында (2 км) 30 тұрғынды эвакуациялау жүргізілді. Үйлер мен су басқан аумақтардың саны анықталуда.

«Құтқарушылар қолдан келгенше көмек көрсетіп, азаматтарды су басқан аулалардан шығаруда. Ескелді ауданының Абай ауылында 20-ға жуық аула аумағы су астында қалды. ЖАО күшімен жаңбыр суын бұру жұмыстары жүргізілуде», - деп жазды ведомстводан.

Көксу ауданы Мәмбет ауылында 5 аула аумағы су астында қалды. Жаңбыр суын бұру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл елді мекендер тау бөктеріне жақын орналасқан.