Жетісу облысындағы су қоймасында қаза тапқан балықшының мәйіті табылды

0
1 282

Кеше Алакөл көліндегі Жайпақ ауылынан 5 шақырым жерде желдің 12 м/с дейін күшеюіне байланысты мұз бөлініп, балықшы суға батып кеткен.


Жетісу облысындағы су қоймасында қаза тапқан балықшының мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Жетісу облысының құтқарушылары су қоймасында қаза тапқан балықшының денесін алып шықты, деп жазады zakon.kz.

Кеше Алакөл көліндегі Жайпақ ауылынан 5 шақырым жерде желдің 12 м/с дейін күшеюіне байланысты мұз бөлініп, балықшы суға батып кеткен.

ТЖД құтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Бүгін сағат 14:54-те құтқарушылар күшімен қайтыс болған балықшының денесі су қоймасынан шығарылды.

ТЖМ мұздың қазір жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертті.