Жер шарында 2 қыркүйекте магнитті дауыл болады

0
637

Магниттік дауылдың салдарынан адам ағзасында өзгерістер болып, бас айналу, жүрек айну және қан қысымының төмендеуі секілді белгілер болуы мүмкін.


Жер шарында 2 қыркүйекте магнитті дауыл болады

ERNUR.KZ. Геомагниттік дауылдың әсері күні бойы сезіледі. 2 қыркүйекте Жерде кезекті магниттік дауыл басталады, деп жазады zakon.kz.

Геомагниттік дауыл G1 (әлсіз) деңгейінде жүріп өтеді. Ал, 1 және 3 қыркүйекте салыстырмалы түрде одан да әлсіз тербелістер болмақ, - дейді asn24.ru.

Одан соң Жер бетіне қыркүйек айында өзге тербелістер тіркелмейді деп күтіледі. Айта кетейік, магниттік дауыл деген Жердің магнитті сферасына Күннен бөлінген плазмалардың жоғары жылдамдықпен келіп соғылуы салдарынан пайда болатын толқындар.



Магниттік дауылдың салдарынан адам ағзасында өзгерістер болып, бас айналу, жүрек айну және қан қысымының төмендеуі секілді белгілер болуы мүмкін. Сондай-ақ, созылмалы аурулары бар жандарға аталмыш күндері өздерін күтуге кеңес беріледі.