Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған: 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев іздестіріліп жатыр

0
439

Іздестіру жұмыстарын Жаңа-Майқұдық полиция бөлімі жүргізіп жатыр.


Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған: 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамға ресми түрде іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Қарағанды облысында 28 қаңтарда іздеу ісі тіркелген. Іздестіру шараларына Ішкі істер министрлігі бастама білдірген. Іздестіру жұмыстарын Жаңа-Майқұдық полиция бөлімі жүргізіп жатыр.



Бұған дейін жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды іздеу ерекше бақылауға алынғаны хабарланған болатын.