Жастардың шетелге кетуіне елдегі жағдай кінәлі ме?

0
2 491

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде елімізде соңғы уақытта болып жатқан жағдайлардың қоғамды сілкіндіріп жатқаны анық байқалады. Әсіресе, жастар жағының осындай жайттарды себеп етіп шетелге кетуге ықылас білдіруі жиілеп барады.

Фейсбук парақшасында Айжан Тлеуова ұлының шетелге кеткісі келетін себебін жазды.

«Үндемей қалудың өзі ауыр, жанға батады! Қаншама адамдар елден кетіп жатыр. Менің ұлым, менің бар байлығым, менің қаным, ол да Еуропада өмір сүргісі келеді. Жасөспірім, олимпиаладардің жеңімпазы, оқу озаты, мектептің үздік оқушысы маған былай дейді:

  • Мама, біздің елімізде ақшасы көптің басым бөлігі оны өз ақылымен таппағандар және сонысымен өздерін құдай сияқты сезінетіндерге қараудың өзі жиіркенішті. Бұл жерде ақыл-ойың бағаланбайды, ал мен ғылыммен айналысып, өзімнің білімім мен миым үшін лайықты табыс тапқым келеді.

Мен оған не айта аламын?! Егер бұл елде бала зорланып, ІІМ-нің былығы сыртқа шықпасын деп жасырып жатса... Депутаттар қыз зорлап, соңында өздері құрбан болып шықса... Қарапайым адамдарға байлар демалып отырған қымбат мейрамханаға кіруге тыйым салынса!

Өте ауыр және ұят...»