Жаңартылатын энергия көздерімен алмастыру жұмыстары 2060 жылға дейін кезеңімен атқарылатын болады

0
103

«Барлығы үшін қымбат емес, сенімді, орнықты және заманауи энергия көздеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету».


Жаңартылатын энергия көздерімен алмастыру жұмыстары 2060 жылға дейін кезеңімен атқарылатын болады

Бүкіл әлемде қолға алынып жатқан жаңартылатын энергия көздерінен қуат алуды көздейтін жобаларды Қазақстанда да жүзеге асыру және тәжірибе жасау мүмкін болып отырғаны белгілі. Әдем тұрғындары үшін бұл тәжірибе өте тартымды әрі тұтынушылары күн сайын артып жатқаны да жасырын емес. Себеп сол, жалпыға бірдей қолжетімді, сенімді, қымбат емес және заманның талабы да соған түсіп отыр.

Бұл жерде климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мақсаты да бар. Көзделген мақсат та сол - «Барлығы үшін қымбат емес, сенімді, орнықты және заманауи энергия көздеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету».

Жуырда осы осынау мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстанда баламалы энергия көздері мен жасыл технологияларды дамытуға арналған Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысы барысында ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жан-жақты түсіндіре айтқан болатын.

Министрдің айтуынша, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2030 жылға қарай 30%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу (баламалы энергия көздерін қоса алғанда) нақты жоспарда тұр.

Сонымен қатар, электр қуатын өндірудегі пайда болатын көмірқышқыл газы шығарындыларын 2030 жылға қарай 15 пайызға, ал 2050 жылға 40 пайызға түсіруді де жоспарлап отырғанын атап өтті министр.

Тек бұл ғана емес, жалпы қоршаған ортаны сақтай отыра баламалы энергия көздерін пайдалану мақсатында министрліктің жоспарға қойып отырған жұмысы да біршама көрінеді. Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, жаңартылатын энергия көздерімен алмастыру жұмыстары 2060 жылға дейін кезеңімен атқарылатын болады. Бұл жұмыстардың ішіне жылыжайлардан бөлінетін көмірқышқыл газдары сияқты шығарындылардың да мөлшерін азайту жоспарланған.

Қоршаған ортаны сақтау - жалпыға бірдей ортақ мақсат, адамзат үшін аса маңызды міндет болып отырғаны рас. Табиғат қойнауынан ала білгенде, оған бере де, сақтай да білу маңызды. Осы ретте атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау көрсету де жалпыға бірдей жауапкершілік.