Жанармай стансалары электромобиль қуаттайтын орын ашуға міндеттелмейді – Заң жобасы

0
492

Бір жылдың ішінде елге әкелінген бұл санаттағы көліктердің саны 10 есе артып кетті.


Жанармай стансалары электромобиль қуаттайтын орын ашуға міндеттелмейді – Заң жобасы

ERNUR.KZ. Мәжілісте электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр, деп жазады inform.kz.

Заң жобасын таныстырған депутат Самат Мұсабаев депутаттардың сауалына жауап бере отырып, жанармай стансаларының иелерін электромобиль қуаттайтын орын ашуға міндеттелмейтінін айтты.

«Бір жылдың ішінде елге әкелінген бұл санаттағы көліктердің саны 10 есе артып кетті. Бүгінгі таңда 9 мыңдай көлік бар. Жалпы болашақта салынатын қалааралық жолдарға және айналма жолдарға электромобиль стансаларын орнатуға орын қарастырылады және электрмен жабдықталады.

Шыны керек, осыдан 10-15 жыл бұрын бізде тек дизель мен бензин құятын стансалар болды. Кейін олардың жанынан газ құятын орындар ашыла бастады. Яғни, бизнестің өзі реттеді. Қазір газ құю бойынша елімізде ешқандай проблема жоқ. Сондықтан бұл мәселеде де міндеттеу болмайды. Бизнестің өзі реттейді деген жобадамыз. Жанармай стансаларының жанында электр қуаты болса, бағаналар пайда болады деп ойлаймыз», - деді Самат Мұсабаев.