Жамбыл облысында нөмірі өшірілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

0
368

Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.


Жамбыл облысында нөмірі өшірілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

ERNUR.KZ. Тараз қаласының полицейлері 12 ақпан күні қаладағы көшелердің бірінен қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған полипропилен қапшық тапты, деп жазады zakon.kz.

Оқиға орынынан полиция қызметкерлері зауыттық нөмірі өшірілген ИЖ-ЗК бір оқпанды тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 4,5 мм калибрлі МР-654К пневматикалық тапаншасын, түрлі калибрлі 85 патронды тәркіледі.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.