Ылғалды көп қажет ететін дақылдар алқабы қысқартылады - АШМ

0
388

Күріш алқаптары 6,4 мың гектарға қысқарып, 93,9 мың гектарды құрайды.


Ылғалды көп қажет ететін дақылдар алқабы қысқартылады - АШМ

ERNUR.KZ. Биыл күріш пен мақта алқаптары 22 мың гектардан астамға қысқартылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп жазады inform.kz.

«Үкімет тапсырмасын және вегетация кезеңінде фермерлерді суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл өткен жылмен салыстырғанда мақта алқаптарының 116 мың гектардан 100 мың гектарға дейін, яғни, 16 мың гектарға қысқаруы болжанып отыр. Күріш алқаптары 6,4 мың гектарға қысқарып, 93,9 мың гектарды құрайды», - деді ол.

Жалпы, министрдің сөзіне қарағанда, астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.