WhatsApp мессенджірің уақытша өшіп қалуына Meta-дағы ақау себеп болған

0
517

Желінің жұмысына шағымдар Қазақстан, Ресей, Швейцария, Израиль, Испания, Египет, Сауд Арабиясынан түсті. Қолданбаға кіру, хабар жіберу және файлдарды ашу кезінде қиындық туды.


WhatsApp мессенджірің уақытша өшіп қалуына Meta-дағы ақау себеп болған

ERNUR.KZ. WhatsApp әлеуметтік желісіндегі ақауларға Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Франция, АҚШ және басқа да елдер шағымданды, деп жазады zakon.kz.

25 қазанда WhatsApp мессенджерінің дұрыс істемеуіне Meta тарапынан жіберілген техникалық ақаулар себеп болды.

Біз мәселені шештік әрі қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздің тарапымыздан кеткен техникалық ақау салдарынан мессенджер аз уақытқа өшіп қалды, – деді агенттікке компания өкілі.

Желінің жұмысына шағымдар Қазақстан, Ресей, Швейцария, Израиль, Испания, Египет, Сауд Арабиясынан түсті. Қолданбаға кіру, хабар жіберу және файлдарды ашу кезінде қиындық туды.