Вице-премьер Қаржы министрлігіндегі жаңажылдық сыйақы көлемін айтты

0
371

Мәжіліс кулуарында журналистер Қаржы министрлігі қызметкерлері биыл қандай сыйақы алатынын сұрады.


Вице-премьер Қаржы министрлігіндегі жаңажылдық сыйақы көлемін айтты

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігінің қызметкерлері биыл үш-төрт жалақы көлемінде жаңажылдық сыйақы алуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер Қаржы министрлігі қызметкерлері биыл қандай сыйақы алатынын сұрады.

"Біздің министрлікте өңірлер бөлек алады, орталық аппарат - бөлек. Менің ойымша, 3-4 жалақы мөлшерінде сыйлықақы бөлінген шығар", - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Ол Қаржы министрлігінде қызметкерлерге сыйақы беруге бюджет баптары қарастырылмағанын атап өтті. Бірақ "жалақы, іссапар шығындары және басқа да" жалпы шығындар бар.

"Бірақ барлық іс-шарадан кейін – сатып алу, жалақы төлеу - әрбір мемлекеттік органда қандай да бір үнемделген қаржы қалады. Заңда қарастырылған, егер аз мөлшерде үнемделген қаржы болса, оны сыйлықақы түрінде бере алады. Бұл қызметкерлер арасында жай ғана бөліне салмайды, сыйлықақы мөлшерін анықтау және бұл сыйлықақыларды беру ережелері бар. Ерекше жұмыстар, күрделі жұмыстар, жұмыстан тыс уақыттағы қызметі үшін. Сондықтан мұның бәрі заң бойынша – әрбір мемлекеттік орган дербес бөледі", - деп толықтырды вице-премьер.