Ұлттық қордан ақша аударылады: eGov-тан балаңызды таппасаңыз не істеу керек

0
817

Осы ретте министрлік өкілі балаларды eGov платформасына тіркеу жолдарын атады.


Ұлттық қордан ақша аударылады: eGov-тан балаңызды таппасаңыз не істеу керек

ERNUR.KZ. Электронды үкімет платформасында кейбір балалардың цифрлық құжаттары жоқ екендігі анықталды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 қаңтардан бастап, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балаларға төлем төлеу күшіне енеді. Осыған байланысты көптеген отандасымыздың eGov платформасынан балаларының цифрлық құжаттарын тексеруі кезінде кейбір деректердің жаппай жоқ екендігі анықталды. Бұл қандай да бір қателіктен, не болмаса кемшіліктен, техникалық ақаудан емес. 2008 жылдан бастап туған балалардың құжаттары ғана цифрлық форматқа өткен болатын», – деді Талғат Уәли агенттік тілшісінің сауалына орай.

Осы ретте министрлік өкілі балаларды eGov платформасына тіркеу жолдарын атады.

«Егер балаңыздың деректері eGov-та жоқ болса, онда платформада «баланы қосу» деген батырма бар. Соны басып, баланың ЖСН нөмірін енгізу арқылы тіркелей аласыз. Егер сол тіркеу кезінде ақпараттар шықпай жатса, онда «түзету» батырмасына өтіп, өз құжатыңызды, балаларыңыздың туу туралы куәлігін енгізесіз», – деді ол.
Еске салайық, 16 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаражат аударуды қарастыратын заңға қол қойды.

Кейін Қаржы министрлігінің өкілі балаға түскен ақшаны қайдан тексеріп отыруға болатынын мәлім етті.