Ұлтараздық қоздырды деген алматылық қамауға алынды

0
1 212

Соталды тергеу жүргізіп жатыр.


Ұлтараздық қоздырды деген алматылық қамауға алынды

ERNUR.KZ. Ұлтаралық араздықты қоздырған виедоны түсірген Алматы тұрғыны екі айға қамауға алынды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Манас Бистаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша күдікке ілінді. 22 ақпаннан бастап Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Алматы полициясы департаменті тергеу басқармасы тергеушісінің Манас Бистаевты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 20 ақпанынан бастап есептеледі", - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаменті қоғамда ұлтаралық араздықты қоздырды деген тұрғынға қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.