Украинадағы соғыс Қазақстанда энергетика жабдықтарының тапшылығын туындатты

0
613

Қазір энергия қуатының нарығындағы тәртіп бойынша әр станса жүктеме арқалап отыр.


Украинадағы соғыс Қазақстанда энергетика жабдықтарының тапшылығын туындатты

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында Украинадағы соғыс Қазақстанда энергетика жабдықтарының тапшылығын туындатқанын мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«Қазір энергия қуатының нарығындағы тәртіп бойынша әр станса жүктеме арқалап отыр. Сол үшін айына әр МВт үшін 590 мың теңге алады. Бұл ақшаға ол стансалар ұдайы инфрақұрылымын жаңартып, дамытып отыруы керек. Бірақ оған қажеттіқондырғылардың бәрі бізде өндірілмейді. Міне биыл Укаринадағы оқиғаларға байланысты қосалқы бөлшектер тапшылығын сезіндік. Өйткені көп бөлігі сол елден әкелінетін. Жеткізу жолын қайта бағдарлай алдық. Бірақ бәрібір мәселе толық шешілген жоқ», - деді министр.

Сондай-ақ, ол энергетика отынының қымбаттап жатқанын еске алды.

«Сондықтан саланы одан әрі терең жаңғырту үшін энергия нарығы тарифін айына бір МВТ үшін 590 мың теңгеден 855 мың теңгеге дейін көтеру керек деп есептейміз», - деді Болат Ақшолақов.