Украинадағы қазақстандықтарды елге әкелу үшін алғашқы ұшақ Польшаға аттанды

0
705

Аталмыш ұшақ Катовице қаласынан Атырауға кері қарай 28 ақпан күні Катовице уақыты бойынша сағат 10:30-да ұшып шығуы керек.


Украинадағы қазақстандықтарды елге әкелу үшін алғашқы ұшақ Польшаға аттанды

ERNUR.KZ. Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелуге 179 орындық ұшақ Польшаға аттанып кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

«Украинадағы жағдайға байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Украинадағы және Польшадағы елшіліктерімен, сондай-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірлесіп, Қазақстан азаматтары үшін Украинадан репатриациялық рейс ұйымдастыру мәселесін пысықтады. 28 ақпанда Қазақстан азаматтарын шығару бойынша «КС 2203» бірінші рейсі Атырау қаласынан Катовице қаласына (Польша) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі – А321, сыйымдылығы – 179 орын» деп жазылған ресми мәліметте.

Ведомствоның ақпараты бойынша, аталмыш ұшақ Катовице қаласынан Атырауға кері қарай 28 ақпан күні Катовице уақыты бойынша сағат 10:30-да ұшып шығуы керек.