ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Ділмановтың ісі: генерал шенінен айырылды

0
827

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Ділмановтың ісі: генерал шенінен айырылды

ERNUR.KZ. ҰҚК төрағасының экс-орынбасары - Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділмановқа шекара бекеттерінде анықталған өкілетін асыра пайдалану деректері бойынша үкім шығарылды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы гарнизоны әскери соты мәліметінше, Ділмановқа және басқа да лауазымды тұлғаларға қызмет бабын асыра пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соқтыру және аса ірі мөлшерде пара алу – ҚР ҚК-ның 28-бабы 3,5-бөлігі, 450-бабы 2-бөлігі, 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары.

"Д.Е. жүктерді өткізу пункті арқылы Қытайдан Қазақстанға ауыстырып тиеудің әзірленген қылмыстық схемасы және оны енгізуге жәрдемдесу қажеттілігі туралы мәліметтерді Д.Д.-ға жеткізді, бұл ретте белгіленген схема сәтті жұмыс істеген жағдайда ол бұдан белгілі бір табыс алатынын нақтылады.Бақылау пункті арқылы тауарды одан шықпай және жалпы кезекті айналып өтудің заңсыз схемасы енгізілуіне байланысты 1750 реттік рейс жасалды, нәтижесінде ірі шығын келтірілді", - деді сот.ВОМАйыпталушылардың кінәсі куәлардың айғақтары, әскери жарғылардың қорытындылары, сараптамалар, құжаттық тексеру актілерімен дәлелденді, бұл туралы сотта түсіндірілді.

Прокурор сотталушыларды кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілей отырып, 4 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы К. кінәсін мойындамай, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

Сотталушы Ділманов және басқалар өз кінәларын толық мойындап, істеген ісіне өкініп, жазаның ең жеңіл түрін, ең төменгі жаза түрін тағайындауды, сондай-ақ қосымша жаза түрлерін қолданбауды сұрады.

"Сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, Д.Д.-ға Қылмыстық кодекстің 450-бабы 2-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы етіліді, Қазақстан Республикасының Президентіне Д.Д. "генерал-лейтенант" әскери атағынан, ІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасынан және "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері" құрметті атағынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін", - делінген үкімде.

Қ. ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 450-бабы, 366-бабы 3-бөлігі, 1, 2, 4-тармақтарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Е., ҚР ҚК-нің 55-бабын пайдалана отырып, ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 4-тармақшаларында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған параның 30 еселенген сомасы – 1 267 000 теңгеге – 38 010 000 теңге айыппұл салынды.

Қалған сотталушылар Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 450-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Қылмыстық кодекстің 55-бабын қолдана отырып, оларға мүлкі тәркіленбей, 3 жыл 6 айдан 5 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сотталғандардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.