ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

0
436

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асырып жатқаны айтылды.


ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асырып жатқаны айтылды.

"2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды", - делінген хабарламада.

Жалпы адам өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталған. Қалғандарына қатысты әлі де соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.