Үкімет басшысы әкімдіктерге тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімін өзектендіруді тапсырды

0
218

Ақмола облысында талаптарды бұзған 16 мыңға жуық, Шымкентте 36 мыңнан астам азамат анықталды.


Үкімет басшысы әкімдіктерге тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімін өзектендіруді тапсырды

2023 жылы өңірлер әкімдіктері тұрғын үй кезегінде тұрғандар тізімін түгендеу жұмыстарын бастады. Өтініш берушілердің тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін көзделген талаптарға сәйкестігі тексеріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында талаптарды бұзған 16 мыңға жуық, Шымкентте 36 мыңнан астам азамат анықталды. Бұл ретте кезекте тұрғандардың ішінде талаптарды бұзғандардың оннан аспайтын бөлігі алынып тасталды.

Олжас Бектенов жосықсыз өтініш берушілермен күресіп және тексеру қорытындысы бойынша құқық бұзушыларды тізімдерден шығаруды тапсырды.

«Барлық әкімдіктер осы тізімдерді қайта қарап, жұмысты І жартыжылдықтың соңына дейін аяқтауы қажет. Бәрі белгіленген ережеге сай болуға тиіс. Кезекке қабылдауды ашық әрі бәріне түсінікті етіп жасау керек. Сондай-ақ тізімге енгізілген адамдарға нақты мониторинг жүргізілуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.