Ұйықтай алмайсыз: Қазақстандық ғалымдар кешке ішуге болмайтын шай шығарды

0
797

​​Қазақ ғалымдары ойлап тақан шайдың жаңа түрі ағзаның функциясын жеделдетіп, қуат береді.


Ұйықтай алмайсыз: Қазақстандық ғалымдар кешке ішуге болмайтын шай шығарды

ERNUR.KZ. Павлодарлық ғалымдар кешке ішуге болмайтын шай шығарды, деп жазады ktk.kz

Қазақ ғалымдары ойлап тақан шайдың жаңа түрі ағзаның функциясын жеделдетіп, қуат береді. Сондықтан оны кешке ішпеген жөн. Павлодар педагогикалық университетінің жаратылыстану жоғары мектебінің профессорлары Валентина Алиясова мен Наталия Тарасовская өздері өндірген шайлардың жаңа түрлерін ұсынды.

ЖОО баспасөз қызметінің мәліметінше, тұсаукесер рәсімі "Сандық" компаниясының креативті директоры Әйгерім Мұсағажиновамен бірлесіп, Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған.

Іс-шараға Қазақстан, Түркия және Украинадан сарапшылар шақырылды. Тұсаукесерге қатысушылар Павлодар жоғары оқу орнының ғалымдары Ертіс өңірінде өсірілген өсімдік шикізаты негізінде шығарған шай және кофе сусындарынан дәм татты. Ұсынылған үлгілердің бес түрі өндірістік сынақтар үшін таңдап алынды. Жаратылыстану жоғары мектебінің профессоры Валентина Алиясованың айтуынша, ғалымдар бірнеше жылдан бері татымды-хош иісті шөптерді пайдалана отырып, шай сусындарының бірегей рецептурасын әзірлеумен және енгізумен айналысып келеді.

"Сонымен қатар, біз өңірдегі өсімдіктерді кофе мен кофе сусындарын алмастырғыш ретінде пайдалану мақсатында зерттейміз", - дейді Валентина Нұрмағамбетқызы.

Биологтар алғаш рет өнеркәсіптік өндіріс мақсатында шай сусыны үшін шикізат ретінде жидектерді емес, бөріқарақат жапырақтарын қолдануды ұсынды. Себебі, оның құрамында органолептикалық қасиеттері бар және биологиялық белсенді заттарға бай. Бұл шөп шайын таңертең ағзаны сергіту үшін ішуге болады. Сонымен қатар холецистит, интоксикация, өт тоқырауы және басқа аурулар үшін дәрілік мақсаттарда қолданады.

"Бірақ бұл шайды кешке ішпеген дұрыс. Себебі, ол ағзаның функциясын белсендіріп, қуат береді. Сондықтан ұйықтай алмайсыз", – дейді профессор Наталья Тарасовская. Бизнес өкілдері павлодарлық ғалымдардың әзірлемелеріне қызығушылық танытты және олардың кейбірімен келіссөздер жүріп жатыр.