Үйлердің маңындағы мәйіт: Полиция ақпаратты растады

0
582

Бүгін әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің артында орналасқан далалы жерде адамның мүрдесі табылғаны туралы жазылды.


Үйлердің маңындағы мәйіт: Полиция ақпаратты растады

ERNUR.KZ. Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі көпқабатты үйлерге жақын жерде адамның мәйіті табылғанын растады, деп жазады Кazinform.

«Даладан табылған мәйіт бойынша – зорлық-зомбылық белгілері жоқ», – делінген ресми мәліметте.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды», – деді полициядан.

Сондай-ақ Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы криминогендік жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

«Полицейлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу бойынша қызмет атқаруда», – делінген ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің артында орналасқан далалы жерде адамның мүрдесі табылғаны туралы жазылды. Қала тұрғындарының сөзінше, ол аумақ жарықтандырылмаған, сол себепті онда тұрғылықты жері жоқ адамдар мен есірткі жасырып кетушілер көп жүреді.