ҰБТ сұрақтарының жауаптары Telegram-арналарда тарап кеткен

0
709

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы түсініктеме берді


ҰБТ сұрақтарының жауаптары Telegram-арналарда тарап кеткен

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарына жауаптар жариялаған Telegram-арналар туралы деректерді құқық қорғау органдарына берді. Мұны Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Ембаев мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

ОКҚ брифингінде түрлі мессенджерлерде ҰБТ-ның жекелеген сұрақтары, пәндер бойынша тұтас базалары да ашық жарияланатыны айтылды. Тестілеу орталығының басшысы биыл талапкерлердің аудиторияға смартфондар әкеліп, әлеуметтік желілер арқылы сұрақтарды таратқан фактілері тіркелгенін айтты.

"Бұл сұрақтар базадан шығарылды. Тиісінше, бұл талапкерлердің де нәтижелері жойылды. Сондай-ақ "Сливы" деп аталатын Telegram арналары бар. Биыл осы бойынша үлкен жұмыс істедік. Аудитория жинау үшін сынақ ҰБТ сұрақтарын немесе шынайы ҰБТ-ға қатысы жоқ сұрақтарды жариялайтын арналар да бар. Осы мәселелермен құқық қорғау органдары айналысады", – деді Руслан Ембаев.

Танымал арналарда жазылушылар саны 70 мыңға жетеді. Кейбір арналар жабылып, кейбіреулері материалдарды толығымен алып тастаған.

ҰТО басшысы жауаптардың таралуына байланысты базадан қанша сұрақ алынып тасталғанын нақтылай алмады. Оның айтуынша, тестілеуде 30 мыңнан астам сұрақ қолданылған.