"Түрлі дене жарақатын алды": Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар төбелесі бейнеге түсіп қалды

0
360

Қыздардың бірі билеп жүріп, екіншісін абайсызда итеріп жіберген.


Ақмола облысының полицейлері түнгі клубта жұлысқан қыздарға қатысты істі тергеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Түнгі клубта болған жайтты дәрігерлер полицияға 27 жастағы қыз түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгеннен кейін хабарлаған. Көп ұзамай полицейлер қыз қаладағы клубтардың бірінде болған жанжал кезінде жарақат алғанын анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қыздардың бірі билеп жүріп, екіншісін абайсызда итеріп жіберген.

Қыздар арасындағы ұрыс-керіс соңы қақтығысқа ұласқан. Полицейлер бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі іс-шараларды бастады.

Сондай-ақ 31 жастағы әйел де анықталды, қазір оның осы жайтқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұған қоса полиция қызметкерлері оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялады