Туристер Шымбұлақта қар барысына тап болды

0
628

Қар барысы негізінен видеоға түсіріп алатындай жерлерде жүрмейді.


Туристер Шымбұлақта қар барысына тап болды

ERNUR.KZ. Туристер Шымбұлақ шатқалында қар барысы жүргенін түсіріп алған. Бұл видео көптің назарын аударып, қызығушылығын тудырды, деп жазады Zakon.kz.

Қар барысы негізінен видеоға түсіріп алатындай жерлерде жүрмейді, атыс болып жатқан жерлерде тұрақты тұратын жер емес. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің айтуынша, барыстың осы аймақта жүруі қорегін іздеуімен байланысты болуы мүмкін.

"Барыс бұл аймаққа келуі қорегі саналатын тұяқты жануарлардың (елік, сібір тауешкісі, т.б.) миграциясына тікелей байланысты болуы мүмкін. Туристер түсірген видеоны сирек кездесетін оқиға әрі сәтті түсірілім деп айтуға болады", - дейді ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі