Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады

0
595

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет.


Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің ведомствоның жеке құрамына арналған телефон нөмірі іске қосылды. Министрмен тікелей байланыс желісі 4 қыркүйекте жұмысын бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды», - делінген ТЖМ мәліметінде.